Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды оқушылары полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысуда

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 1183

Қарағанды оқушылары жазғы демалыс алдында полиция қызметкерлерінің жұмысымен етене танысып жатыр. Жеткіншектер адам құқығы жайында мол мағлұмат алып, заң бұзушылықтың қатаң жазаланатыны жайында дәріс алуда. Оқушыларға қала бойынша орнатылған бейнебақылау камералары көрсетілді. Құрылғылар ұрлық, қылмыс және қандай да төтенше оқиғаның алдын алуға септігін тигізетініне көз жеткізген шәкірттер, шұғыл түскен қоңырауға әрекет ету жұмыстарымен де танысты. Оларға жалған қоңырау шалу да заңмен қудаланатыны түсіндірілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушылар бойында қылмыстық жауапкершілік сезімін арттыруды мақсат етіп отыр. Өйткені аймақта жасөспірімдер арасындағы қылмыс ушығып кетті. Тек өткен 4 айдың ішінде кәмілет жасқа толмағандар заңды белшеден басып, 160 рет қылмыс жасаған. Сондай-ақ, 2500 әкімшілік құқық бұзушылық та тіркелген.

Алдан
Серік, мектеп оқушысы:

Ең бастысы
, адамдардың құқығын қорғау. Ол өте жақсы, қазіргі кезде 268 камера болса, кейінгі кездерде тағы да 200 камера қосылайын деп жатыр. Оның ішінде 50-і іске қосылып жатыр, ал 150 қосымша камера болып саналады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА