Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің қатысуымен экономикалық форумның жұмысы жалғасты

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 790

«Қазақстан интеграциялық бірлестіктер арасындағы жемісті ынтымақтастықты қолдайды». Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференция отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Біз құрылған және құрылып жатқан интеграциялық бірлестіктердің, экономикалық одақтардың бір-біріне қарсы тұрмауын қолдаймыз, керісінше, олар жемісті және сындарлы ынтымақтастық орнатуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан ортамерзімді болашақта әлемдік экономика өсімінің болжамды әлсіреуіне дайын болуы тиіс, деп мәлімдеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ