Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы екі жылда республикалық және коммуналдық жекеменшіктегі ірі ұйымдар жекешелендірілетін болады

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 1001

Алдағы екі жылда республикалық және коммуналдық жекеменшіктегі ірі объектілер, оның ішінде ірі концерт залы мен отандық киностудия және алматылық «Қайрат» клубы жекеге өтеді. Бұл үрдіс үкіметтің «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіту қаулысына сай жүргізіледі - деп, «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Атап айтсақ, коммуналдық меншіктегі «Алматыметрокұрылыс» АҚ-ң 68%, «Республика сарайының» 100%, «Қайрат» футбол клубының 30% жеке меншікке өтеді. Сондай-ақ, 2014 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ң 49% акциясы сатылымға шығады деп күтілуде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА