Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана ауруханасының ауласында табылған пациент мәйіті ісі бойынша дәрігерлер жауапқа тартылған жоқ

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 1263

Ауласынан мәйіт табылған №1 аурухана қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Астана қаласы «Алматы» аудандық прокуратурасының мәліметінше, істе қылмыстық құрам жоқ.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың ақпанында ісіне салғырт қараған ақ медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. 19-шы қаңтарда қолындағы күйік жарасының асқынуына байланысты ауруханаға жатқызылған 44 жастағы науқас Бақытжан Орынбаев із-түссіз жоғалып кетті.

Арада бір ай өткенде коммуналдық мекеме қызметкерлері аурухана терезесінің түбіндегі қалың қардан науқастың мәйітін табады. Дәрігерлер бұл жағдайды «санитар қыз Орынбаевты лифтке әкелген кезде оның ізім-ғайып жоғалғанымен» түсіндірген. Енді бұл салғырттық үшін аурухана қызметкерлері жауапқа тартылмайтыны белгілі болып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА