Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысы Рудный қаласының құрылыс нысанында жас қыздың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 966

Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Қостанай облысы Рудный қаласында жас қыздың мәйіті табылды. Жергілікті полицейлер бұл осыдан бір ай бұрын жоғалған Виктория Ганяның мәйіті болуы мүмкін деп топшылап отыр. Жоғалған қыз бен мәйіттің үстіндегі киімдерде ұқсастықтар бар, - деп жазады Қазақстан жаңалықтар агенттігі. Қазір полиция анықтау-сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта өтейік, жеті жасар қыз өз ауласында жоғалып кетті. Оны белгісіз ер азамат ұрлаған болуы мүмкін деген дәректер де айтылған еді. Соңғы ақпаратты күндізгі жаңалықтарда айтамыз.