Тобыл өңірінде бір ай бұрын жоғалып
кеткен жеті жасар қыздың мәйіті табылды. Виктория Ганяның денесі Рудный-Тобыл
бағытындағы тас жол бойында салынып жатқан ғимарат құрылысының арасында жатқан.
Ата-анасы қызының мәйітін таныды, - деп
хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Қазір бірқатар сараптамалық жұмыстар тағайындалған.
Естеріңізге салайық, Рудный қаласында
бірінші сынып оқушысы Виктория Ганя 24-сәуір күні жоғалған болатын. Оны іздеуге
мыңдаған қала тұрғындары мен еріктілер жасағы, әскери бөлім сарбаздары
жұмылдырылды. Бірақ қаршадай қызды ешкім таба
алмаған. Жергілікті тәртіп сақшылары «адам ұрлау» фактісі бойынша қылмыстық іс
қозғап, 30-35 жастағы күдіктінің фотосұлбасын таратты. Тіпті, шынайы ақпарат
берген адамға полицейлер қомақты сыйақы да тағайындаған еді.
Әділбек Нұрмахин, Қостанай облыстық ІІД баспасөз
хатшысы:
Қыз баланы іздеуге арнайы жедел іздеу топтары қатысқан, онымен қатар еркін
іздеушілер қатысқан. Келесі арнайы осы
қылмысқа байланысты ҚР ҚК 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі
кезде күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Заңғар САНАЙ