Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президентіне Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығының сыйлығы тапсырылды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1137

VІІ Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференция аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкі тобы арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты. 

Осыдан соң Қазақстан Президентіне Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығының 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес - диалогты нығайтуға үлес» номинациясы бойынша сыйлығы тапсырылды. Бұл Қазақстанның ядролық қарусыздану, өркениеттер арасында сұхбаттастық орнату және Азияда өзара сенім жүйесін қалыптастыру тұрғысында жасаған қадамдарының жоғары бағаланғанының айғағы. Нұрсұлтан Назарбаевқа cыйлықты Еуропарламент мүшесі Марио Давид және Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов табыс етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я искренне благодарю организаторов и создателей этой общественной премий. Для меня очень высокая честь его получить. Я буду работать, чтобы наша деятельность соответствовала целям, задачам вручения премий Казахстану.