Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда тұрғын үйлердің бірі опырылып, үй иелері қауіпсіз жерге көшірілді

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1305

Оралда тұрғын үйлердің бірі опырылып, үй иелері қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындар апаттың себебін астыңғы қабаттағы дүкен қожайынының жөндеу жұмыстарынан көріп отыр. Төтенше жағдай мамандарының жорамалы да осыған саяды. Кәсіпкер дүкендегі ескірген ағаш терезені пластик материалға ауыстырмақ болған.

Құтқарушылардың дерегіне сенсек, тұрғын үй 1961-ші жылы салынған. Ескі ғимарат жөндеу жұмыстарына шыдас бермеген. Үйдің тозығы жеткенін енді білген кәсіпкер, қазір бармағын тістеп отыр.

Марина
Шалыхманова, кәсіпкер:

Б
ылай болатынын кім білген? Бар болғаны дүкенімнің сыртқы қасбетін әдемілеп өзгерткім келді. Енді аяқасты болған апаттың кесірінен бизнесім тұрып қалды. Өте өкінішті жағдай. Не істерімді де білмеймін...

Қазір үй толықтай қоршауға алынды. Сондай-ақ, үй иелеріне құжаттарын, кәсіпкерге дүкен ішіндегі бұйымдарын сыртқа шығаруға рұқсат берілді. Ендігі жағдайды сарапшы-құрылысшылар бағаламақ. Қазір үй электр жарығы мен газдан ажыратылды. Ал аяқасты далада қалған тұрғындарға енді тума-туыстарын сағалауға тура келеді.

Талғат Еділбаев, Орал қалалық ТЖБ бастығы:

Қазір бұл үй, тұруға жарамсыз деп танылып, оның одан әрі опырылуына әсер етер деген қауіппен осы маңдағы көлік жолын жауып тастадық. Бірақ, үй қабаттарының арасындағы жабын плиталарының отыруы әбден мүмкін. Қазір бірінші және екінші қабаттардан бастап, ғимарат тұтастай шөгіп кетті.

Еркін ҚАРИН