Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ Таиландта демалушы отандастарымызды сақ болуға шақырды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1031

"Таиландта сапарлап жүрген және осы елде демалуды жоспарлаған отандастарымызды барынша сақ болуға шақырамыз". Бүгін Сыртқы істер министрлігі осындай мағынада арнайы мәлімдеме таратты.

Нұржан Айтмаханов,  ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Біз Таиландтағы ішкі дағдарыс бейбіт жолмен және құқықтық кеңістікте шешіледі деген үміт артып отырмыз. Осыған орай Таиландта жүрген және осы елге сапар шегуді жоспарлап жүрген Қазақстан азаматтрына барынша сақтық шараларын ескеруге, шеру өтіп жатқан және адамдар көп шоғырланған жерлерде көп жүрмеуге, құқық қорғау органдарының нұсқауларын орындауға және комендаттық сағат барысында тұрып жатқан жерлерінен шықпауға, сонымен қатар сол елден қайтар кезде жолға алдын ала жиналуға ұсыныс береміз.

Айта кетейік, Таиланд әскері билікті басып алды. Reuters агенттігі таратқан хабарламаға сәйкес, әскерилер билікті бақылауына алғанын жергілікті телеарна эфирінен мәлімдеген.

Елде жаппай комендаттық сағат енгізілді. Арнайы жағдай режимі курорттарға да қатысты. Сағат 22.00-ден таңғы беске дейін қалалар мен елді мекендерде, тынығу аймақтарында далада жүруге тыйым салынды. Әскерилер мұны «кезекті төңкеріс емес» деген болатын. Бірақ Тай билігі төңкеріс деп бағалауда.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА