Русский Сайттың толық нұсқасы

1 тамыз күні Қазақстандық бокс федерациясының 5 маусымы басталады

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1288

1 тамыз күні Қазақстандық бокс федерациясының 5 маусымы басталады. Жыл сайын өтетін дүбірлі жарысқа 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Турнирдің жүлде қоры 25 миллион теңгені құрайды. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.

Өткен жылдармен салыстырғанда өзгешеліктер аз емес. Біріншіден дивизиондар алынып тасталып, командалар төрт топқа бөлінді. Бұрын әр аймақтың командалары өзара сынға түсетін. Биылдан бастап мықты деген ұжымдар төрт топқа бөлінді. Қалған командалар осы мықтылардың қатарынан орын алды. Жеребеге сәйкес жартылай финалда "А" және "С" тобы, сондай-ақ "Б" және "Д" топтарынан үздік шыққан командалар өзара мықтыны анықтайды. Сонымен бірге командалар тең түсіп жатса, қосалқы салмақтар белгілі болды.

Берік Маржықбаев, жарыс ұйымдастырушысы:

5-ші юбилейный болғандықтан өзгеріс енгіздік. Себебі региондағы өкілдер екі-үш жылдың ішінде бізді сұраған. Дивизиондарды алып тастап өткізсек. Төрт корзина жасап. Бұрын өздеріңіз білесіздер, дивизиондар болған. Солтүстік Қазақстанды алсақ, бір-бірімен шығады қызығу жоқ. Мықты команданы алдық. Екінші орынға командаларды және аутсайдер дегендер бар. Соларды ескеріп жеребе жасадық.

Ширек финалдық кездесулер 1 тамыз күні Алматы қаласы мен Ақмола облысында өтеді. Жартылай финал мен ақтық сын бәсекелері 14 және 15 желтоқсан күндері Астанада өтеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ