Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жанармайдың заңсыз саудаға түсуінің алдын алу мақсатында дизель отыны қызыл түске боялды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1268

Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығатын ауыл шаруашылығына арналған дизель отыны қызыл түске боялған. Бұл туралы акционерлік қоғамның сайтында жарияланды.

Осындай әдіспен ауыл шаруашылығына арналған дизель отынның мақсатты жұмсалуын бақылауға алмақ. Яғни, түрлі жолдармен жанар-жағармай бекеттерінде заңсыз саудаға түсіп кетуінің жолын кеспек.

Айта кетейік, Мұнай және газ министрі бекіткен кестеге сай Атырау мұнай өңдеу зауытына Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының шаруаларын наурыз-мамыр айларындағы көктемгі егіс науқаны кезінде жалпы көлемі 89 мың тонна дизель отынмен қамтамасыз ету міндеттелген болатын. Отынды жеткізу тапсырыстар негізінде «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Петролеум Оперейтинг» және «Petrosun» ЖШС-мен жүзеге асырылуда. Шаруалар оның бір литрін жеңілдетілген баға бойынша 81 теңге бағамен алып келді. Дизель отынының бояу шығындарын кәсіпорын өз мойнына алып отыр. Бұл отынның бағасына да, сапасына да әсер етпейді, - деген зауыт басшылары.

Базаргүл ІЗІМОВА