Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда күніне орай «Достық аллеясы» акциясы өтті

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1433

Елорданың туған күніне орай «Астананың игілігі үшін» жобасы бастау алды. Оның шеңберінде Есілдің сол жағалауындағы «Достық аллеясында» ағаш көшеттерін отырғызу акциясы өтті.

Қаланы көгалдандыру шарасына Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ардагерлер кеңесі, қалалық жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың 100-ден аса өкілдері қатысты. Қала белсенділері Елорданы аббаттандыруға білек сыбана кірісіп, барлығы 150 көшет отырғызды.

Айта кету керек, аталмыш шара қала әкімдігінің қолдауымен қолға алынды. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, аталған акция Елорданың дамуына қоғам назарын аударып, қала тұрғындарын бірлікке шақырады.

Әділбек Бекташев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс отрядының төрағасы:

Екі дәуірдің адамдары өздерінің достығын осы сенбілікте көрсетіп жатқан жайы бар. Өздеріңіз білесіздер, Астана - біздің жас қала. Астанамызда сонымен қатар құрылыс жұмыстары көп жүріп жатыр. Сондықтан да
, бізде осындай үлкен парктер, осындай көгалдандыру жұмыстарын қатар алып жүру - өте маңызды. Сондықтан да, мен осы «Жасыл ел» отрядының төрағасы ретінде жастарды алып келіп отырмын. Бізде қазір 50 адам осы жерде жұмыс жасап жатыр.