Русский Сайттың толық нұсқасы

Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1046

Мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлықтың небiр құйтырқы әдiс-тәсiлдерi пайда болуда. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты.

«Мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпкерліктер техникалық сипаттамалық құжаттарын теріс толтырады. Салдарынан жемқорлыққа жол беріледі. Мәселен, бiр қабатты мектеп салу үшiн 12 кран қажет деп жазып қояды. Бұл ақылға қонымсыз», - дейді депутат. 

Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Шенеуніктер мен кәсіпкерлер бюджет қаражатын жымқырудың айла-тәсілдерін жылдан жылға жаңартып келеді. Тіпті олардың бұл таланты мен тапқырлығына таң қаласың. Заңнаманың осал тұстарын тауып, қыруар қаржыны жеп жатыр.

Жұрағат БАМАН