Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мектептері мен колледждерінде бұрын сотты болған 20 адам жұмыс істеп келген

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1729

Атырау мектептері мен колледждерінде бұрын сотты болған 20 адам жұмыс істеп келіпті. Олардың арасында адам өлтіргені, жасөспірімдерге зорлық жасағаны да бар. Бұл жаға ұстатарлық деректі облыстық прокуратура қызметкерлері бүгін мәлімдеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, істі болғандар да білім беру орындарында қызмет еткен.

Олардың бұрын қылмысты болғаны лауазымды қызметке тағайындалуға еш кедергі болмаған. 5 адам орта мектеп пен спорттық білім ошақтарының директоры қызметін атқарыпты. Сотты болған адамдардың мектеп қабырғасындағы оқушылардың тәрбиесіне араласуына білім басқармасындағылардың да бас ауыртпағанына прокурорлар алаңдаулы. Заңды белшеден басқан 20 адам жұмыстан қуылып, оларды қызметке алған мекеме басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

Аталған фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, нәтижесінде бес мектеп директоры, бір бас есепші, бес мұғалім, 4 жаттықтырушы, 10 техникалық қызметкер жұмыстан босатылды.

Базаргүл ІЗІМОВА