Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Украинада мерзімінен бұрын өткен сайлау нәтижесін құптайды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1058

Қазақстан Украинада мерзімінен бұрын өткен сайлау нәтижесін құптайды және осы сайлауды елдегі ахуалды тұрақтандыру жолында жасалған маңызды қадам деп санайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

"Қазақстан осы өткен сайлау жалғасып жатқан конституциялық реформалар Украинадағы бейбітшілік пен келісімді нығайту шеңберінде жалпыұлттық диалогтың дамуына мүмкіндік беретініне және елдің барлық саяси күштері мен өңірлерінің мүдделерін есепке алатынына сенеді", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанның Украинаның одан әрі экономикалық және демократиялық дамуын нығайтуға бағытталған әлемдік қауымдастық ұмтылысын дәйекті түрде қолдап отыратыны айтылған.

С. АБДИЕВ