Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірінші маусымнан бастап бірқатар елден алкогольдік өнімдер жеткізуге тиым салынады

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 859

Бірінші маусымнан бастап бірқатар елден алкогольдік өнімдер жеткізуге тиым салынады. Белгілі болғандай, қара тізімге Ресей, Беларусь, Италия, Франция, Шотландия ілігіп отыр. Себеп, аталған елдерден жеткізілетін өнім таңбаламасында мәліметтер мемлекеттік тілде жазылмаған. Мұндай техрегламент 2011 жылы бекітіліп, бір жарым жылдан соң, былтыр шілдеде күшіне енген.

Алайда он бір ай бойына Қазақстанда бұл талаптар ескерілмеген алкоголь өнімдері емін-еркін саудаланған. Тұтынушылар құқын қорғау агенттігі тиісті елдерге ескерту жіберді. Осы олқылық реттелгенше, ел аумағына аталмыш елдерден алкоголь өнімдерін жеткізуге шектеу қойылмақ.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА