АҚШ бірден 13 швейцариялық банкке
қатысты талапты күшейтуі мүмкін. Оған себеп - өткен аптада Credit Suisse
америкалықтарға салықтан жалтаруға ықпал жасағаны әшкереленді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ, Julius Baer Group, Zuercher
Kantonalbank пен HSBC-дің швейцариялық бөлімі тергеуге алынды. АҚШ Бас
прокурорының көмекшісі Кэтрин Кениллидің айтуынша, Америка билігінің ұстанымы
заңбұзушылық масштабына және банктердің тергеуге қаншалықты атсалысуына
байланысты болмақ.
Ал АҚШ-тың ішкі табыс қызметі жинаған
мәліметке орай, он үш банк қара тізімге ілікті. Credit
Suisse-ке 2 миллиард 600 миллион доллар айыппұл салынды. Бұл бүгінге дейінгі ең
ірі айыппұл.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА