Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропарламент сайлауында жеңіске жеткен грекиялық радикалдар үкіметтің таратылуын талап етуде

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 885

Еуропа еуропалық комиссия басшысын таңдауда. Бұл радикалдардың жеңісімен аяқталған Еуропарламент сайлауынан кейінгі басты тартыстардың бірі.

Алдын ала болжам бойынша Жозе Мануэл Барроуздың орнына Люксембургтің бұрыңғы премьер-министрі Жан Клод Юнкер келеді деп күтілген. Алайда, ультра оңшылдар жеңіске жеткен күнде барлығы өзгеруі мүмкін. Франция, Ұлыбритания мен Венгрия басшылары Юнкердің кандидатурасына қарсылықтарын білдіріп үлгерді.

Бүгін Брюссельде Еуропалық одақ елдері басшыларының кездесуі жоспарланып отыр. Юнкердің Еуроодақтың экономикасын реттеу бойынша айтқан пікірлері радикалдарға да жақпады.

Еске салайық, Еуропарламенттегі 751 орынның төрттен бірін одаққа қарсы күштер өкілдері баспақ. Economist журналының сарапшылары Еуропарламенттің саяси қызметі айтарлықтай өзгеруі мүмкін дейді. Мәселен, парламент сайлауында жеңіске жеткен Греция мен Францияның солшыл радикалдары өз елдер үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ