Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина Қырым газы үшін Ресейден миллиард доллар талап етті

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 897

Украина Ресейден "Черноморнефтегаз" компаниясына тиесілі 2 миллиард текше метр газ үшін 1 миллиард доллар төлеуді талап етеді. Бұл туралы премьер-министр Арсений Яценюк мәлімдеді. "Егер 29-на дейін "Нафтогаз" бен "Газпром" арасында тиісті келісімге қол қойылмаса, ресейлік "Газпроммен" тек сотта кезігеміз", - деді Яценюк.

Ал Мәскеу өз кезегінде Киевтен газ қарызы үшін 2 миллиард доллардың өтемін күтіп отыр. Украина, Ресей және Еуропалық одақ өкілдерінің газ мәселесі бойында Берлинде өткен кездесуінен кейін тараптар осындай ұйғарымға келді. Ресейдің ұстанымы мынадай: Украина қарызды тез арада өтеуге міндеттеледі. Ақша "Газпромның" шотына бейсенбіге дейін түсуі тиіс.

Оған қоса, Украина 7 маусымға дейін тағы 500 миллион доллар аударуы тиіс. Компания басшысы Александр Миллер, егер маусымның төлемін алдын-ала аудармаса, Ресей 3 маусымда Украинаға газ тасымалдауды тоқтататынын ескертті. Еске салайық, "Нафтогаздың" "Газпром" алдындағы қарызы бүгінде 3 миллиард 500 миллион доллар. 

Арсений Яценюк, Украина премьер-министрі:

Қырым автономды республикасы аумағындағы "Черноморнефтегаз" арқылы алған 2 млрд 200 млн текше метр газды Украинаға қайтару мәселесі бойынша Ресейден жауап күтеміз. Ал оның құны "Газпромның" бағасымен есептегенде, 1 миллиард АҚШ долларына тең.

Жұрағат БАМАН