Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ЕЭО бойынша кеңес өткізді

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2014
  • 801

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа жан бітіретін құжатқа қол қойылмақ.

Жалпы құжат 4 бөліктен, 28 бөлімнен, 118 баптан және 32 қосымшадан тұрады. Мемлекет басшысы көршілерімізбен тығыз экономикалық байланыс Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елімізге пайдасы бар. Бұл одақ бір күн емес, бір жыл емес, ұзақ мерзімде жасалып отырған мәселе. Біз үшін саяси жағынан, экономика жағынан тиімді болғасын барып отырмыз. Құрлық ішінде отырған елміз, теңізге шығатын жол жоқ. Сондықтан үлкен көршіміз бізге теңіз болады. Сондықтан екі күн қалды, тағы бір рет тыңдап, қандай кемшіліктер бар, не істеу керек екенін келісейік. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ