Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырда президент сайлауы тағы бір күнге ұзартылды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2014
  • 782

Мысырда 2 күндік сайлау науқаны тағы бір күнге ұзартылды. Өйткені дауыс беруге келушілер саны күтілгендегіден аз болып шықты. 80 миллионға жуық халқы бар мемлекетте, сайлауға 55 миллионға жуық азамат қатысады деп күтілуде. Олардың қауіпсіздігі үшін 400 мыңға жуық адам тартылмақ.

Бүгінде құқық қорғашуларға сайлауға кедергі жасағандарды мүдірместен атып тастауға бұйрық берілді. Билік бұндай ескертуді «Мұсылман бауырлары» исламшылдар қозғалысына жасап отыр. Себебі, екі тарап арасындағы текетірестер жиілеп кеткен. Жалпы, сайлауда елдің экс-қорғаныс министрі Абдель Фаттах ас-Сиси мен социалист Хамдин Саббахи бақ сынауда.

Бақылаушылардың болжамы бойынша, ас-Сисидің мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары көрінеді. «Ол елдегі өткен жылғы оқиғалардан кейін, экс-президент Мурсиге қарсы митингтерде абырой жинап алған», - дейді бақылаушылар. Мысыр халқы жаңа президент сайланғаннан кейін елде бейбітшілік пен тыныштық орнайды деп үміттенуде.

Жұрағат БАМАН