Қазақстанның алты облысында жел мен
жауын-шашын болып, дауыл тұруы мүмкін, - деп хабарлайды «Қазгидромет».
29-31 мамыр күндері Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарында жаңбыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін, желдің үдеуі секундына
15-20 метрге дейін жетеді. Желдің ұйытқуы секундына 25 метрге дейін жетуі
мүмкін.
Жалпы, 28-мамырдан 2-маусымға дейін
еліміздің солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ шығысында ауаның орташа
температурасы түнде 1-8 градус, күндіз 7-12 градус болуы мүмкін, - дейді
синоптиктер.