Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Астанада Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартқа қол қойылады

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 2409

Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады. Маңызды оқиға Тәуелсіздік сарайында өтеді. Саммит одаққа мүше үш мемлекет Қазақстан, Ресей және Беларусь басшыларының деңгейінде өтеді.

Осы сағатта Астанаға Ресей президенті Владимир Путин жетті. Сондай-ақ, құжатқа қол қою рәсіміне Армения мен Қырғызстан президенттері де қатыспақ. Олар да Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық білдіріп отыр. «РИА Новости» агенттігінің мәліметіне қарағанда, саммит барысында одаққа Арменияның қосылу мәселесі де қаралады.

Айта өтейік, келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Еуразиялық экономикалық одақ 170 млн халық саны бар үш елдің ортақ нарығын құруды көздейді. Тауарларды, қызмет түрлерін, капитал мен жұмыс күшін еркін тасымалдауға жағдай жасалады.

Сонымен бірге, мүше мемлекеттер экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты бірлесе жүзеге асырады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА