Шығыс Қазақстан облысы Алтай өлкесімен
телекөпір өткізді. Сарапқа салынған басты тақырып - Қазақстан, Ресей мен
Беларусь арасындағы экономикалық одақтың тиімділігі болды.
Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінің
арасындағы тығыз мәдени байланыс пен қатар экономикалық алыс-беріс те гүлденіп
тұр. Мысалы, Семей қаласында соңғы 5 жыл ішінде «Беларусь» тракторларын құрау
қолға алынған. Осы уақыт аралығында 5 мың
трактор зауыттан шығарылды.
Жоғарғы оқу орындары мен медициналық мекемелер
арасындағы байланыс та тығыз. Өткен жылы Шығыс Қазақстанның көрші елдермен
тауар айналымы 1 миллиард теңгеге жеткен. Еуразиялық
экономикалық одақ үш ел арасындағы байланысты одан ары нығайта түсері сөзсіз, - дейді өңір басшылары мен кәсіпкерлер.
Бердібек
Сапарбаев, Шығыс
Қазақстан облысының
әкімі:
Біз бұл экономикалық одақ үш ел арасындағы сауда-саттықты бұдан әрі
жандандыра түседі деген ойдамыз. Бізге жаңа
мүмкіндіктер ашылып тұр. 170 миллион тұтынушы мен 200 миллиярд теңгенің тауарын
айналымға салу мүмкіндігі бар.
Петр Рудник, Могилев облысының өкілі, Беларусь:
Бұл қадам біздің елбасыларымыздың көп жылғы еңбегінің жалғасы. Кедендік одақ құлағаннан кейін де біздің достығымыздың
берік екендігінің дәлелі.
Александр Карлин, Алтай өңірінің губернаторы, Ресей:
Біздің тауар айналымымыздың үштен бір бөлігі Қазақстанға келеді. Оның
ішінде Шығыс пен Павлодар облыстары - біздің сенімді серіктестеріміз.
Қанат ОРАЛБЕК