Русский Сайттың толық нұсқасы

Болгариядағы «Оңтүстік ағын» газқұбырының бөлігін «Стройтрансгаз консорциумы» салатын болды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 813

Болгариядағы «Оңтүстік ағын» газқұбырының бөлігін «Стройтрансгаз консорциумы» салатын болды. Бұл жайында «Рейтерс» агенттігі хабарлайды.

Компания тендерге қатысып, ұтып алған көрінеді. Осылайша, консорциумға Gasproekt Jug AD мен қатар ресейлік «Стройтрансгаз» да мүше болды. Олар бірлесе отырып, жобалау, құрылыс материалдарын жеткізу сынды жұмыстармен айналысады. Аталмыш жұмыстар тек Болгария Республикасының аумағында жүргізілетіні келісілген. Болгарлық «Оңтүстік ағын» газқұбырының негізгі бөлігі Қара теңізден Сербияға дейін жалғасады деп жоспарлануда. Жалпы көлемі 540 шақырым.

«Ведомости» газетінің хабарлауынша, бөліктің құны 3,3 миллиард еуро көлемінде. Ал газқұбырының толық құны 16 миллиард еуро шамасында. Ол 2016 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Леонид Чугунов, «Газпром» АҚ жобаларды басқару департаментінің бастығы:

Мен «Газпром» атынан тағы бір мәрте жобаға қатысып жатқанымызды айтқым келеді. Жұмыстың
жүру жайы көңілімізден шығып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА