Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 1031

Астанада мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтуде. Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко қатысып жатыр.

Отырыс барысында Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп күтілуде. Сонымен бірге, құжатқа қол қою рәсіміне Армения мен Қырғызстан президенттері де келді. Олардың тарапынан да Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық білдіріліп отыр.

Жалпы аталған құжатта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егемендік теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Жаңа мемлекеттер басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қояр алдындағы кездесуі өтті. Үш мемлекет басшысы жаңа одақ құру туралы құжатқа қол қоюға дайын екендерін мәлімдеді.

Жұрағат БАМАН