Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕЭО қазақстандық автоөнеркәсібін одан әрі дамытуға септігін тигізбек

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2014
  • 1004

Еуразиялық экономикалық одақ қазақстандық автоөндірісті ұлғайтып, көліктердің сатылуын арттырады, - дейді «Азия авто» компаниясының өкілдері.

Мамандардың пікірінше, бұл тұста Кедендік одақтың оңтайлы тұстары мысал бола алады. Кедендік одақ құрылғалы, отандық көптеген ірі компаниялардың өнімін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бір ғана «Азия авто» зауыты сол уақыт аралығында көлік құрастыруды 10 есеге дейін ұлғайтқан.

Ерік Сағымбаев
, «Азия Авто» АҚ президенті:

Еуразиялық одақтың құрылуы, бұл - жаңа белес. Бұл - кедендік емес, бұл - экономикалық ынтымақтастық. Бұл Одақта да өз орнымыздың болатынына сенеміз. Экономикалық одақ күшіне енгеннен кейін біз Ресей нарығына еркін еніп, автокөліктерімізді көптеп саудалай аламыз.

Қанат ОРАЛБЕК