Кедендік одақтың кемелді тұстарын
ақтөбелік кәсіпкерлер де көріп отыр. Бейметалл құбыр шығаратын зауыт, экспортқа
алғаш рет 2005-ші жылы шыққан. Дегенмен, зауыт басшылары соңғы бірнеше жыл
ішінде көршілес Ресей нарығында өз орнымызды таптық дейді. Тауардың сапасына
тұтынушылар оң бағасын берген.
Сұранысқа тікелей тәуелді зауыт,
200-ге жуық азаматты жұмыспен қамтуда. Олар жылына шамамен 320 шақырым құбыр
шығаруға қауқарлы. Диаметрі әртүрлі құбырлар негізінен ауыз су жүргізуге
тиімді. Қазіргі таңда Татарстанның Елабуга қаласындағы су жүйелерін жаңғыртуға
құбыр дайындалуда. Болашақта да жаңа келісім-шарттар болатындығына кәміл сенуге
болады.
Амангүл Қауқарова, Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты зертханасының
меңгерушісі:
Кедендік одаққа кіргелі біздердің дайын өнімді жеткізу
барысында біздерге құжаттармен қамтамасыз ету барысында біздерге көптеген
жеңілдіктер болып отыр. Және де біздер Кедендік одаққа кіргелі тұтынушылар саны
көбейіп жатыр.
Мансұр ЕСҚОЖИН