Мысырда бұрыңғы қорғаныс министрі
Абдел Фаттах ас-Сисидің жақтастары жеңістерін тойлап жатыр. Алдын ала есеп
бойынша ол сайлаушылардың 92% даусын жинаған.
Халықтың сайлауға келу көрсеткіші төмен болғандықтан, дауыс беру екі күнге ұзартылды. Соңғы мәліметтерге сай, ол тек Каирдің өзінен сайлаушылардың 93% дауысына иелік еткен. Ал оның қарсыласы Хамдин Саббахи ел астанасынан тек 3% ғана
алды.
Президенттік сайлаудың қорытындысы тек 4 маусымда жарияланатынына қарамастан, кімнің жеңіске жеткені айқын болып тұр. Ал
ұлықтау рәсімі маусымның 7-8-не
белгіленген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ