Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы қоңырау мерекесін тойлаған мектеп түлегі жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1295

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы қоңырау мерекесін тойлаған мектеп түлегі жоғалып кетті.

Сақшылардың айтуынша, Жамбыл ауданы Чапаев ауылының 17 жасар тұрғыны Владислав Виниченко, мамырдың 25-і күні сыныптастарымен бірге демалуға барған. Ал ата-анасына ауылдағы досының үйінде қонатынын ескерткен. Оқушы сол күні кешкі сағат 11-лер шамасында үйге келіп қонамын деп телефон шалған. Бірақ, содан кейін хабар алу мұң болып отыр.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді іздеу шараларын қолға алды. Олар ақ сары шашты, қоңыр көзді, бойы шамамен 170 сантиметр болатын бозбалаға іздеу жариялады. Айтуларынша, оның үстінде сұр түсті спорт киімі мен бас киімі болған.

Оксана Единцова
, СҚО ІІД криминалды полиция басқармасының жедел сақшысы:

Қазір аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен ауыл тұрғындары жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Егер де осы іске қатысты қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН