Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының дипломдары Ресей мен Беларусьте жарамды деп танылады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1416

Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының дипломдары Ресей мен Беларусьте жарамды деп танылады. Және ол жақтағы университеттер мен академия берген дипломдар да біздің елде заңды саналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіптік палатасы Экономикалық интеграция сұрақтары комитетінің мүшесі Елена Кузьминаның айтуынша, дипломға қатысты мәселенің мән беретін тұстары да бар көрінеді. Ол, кей мамандықтардың ерекшелігіне де байланысты.

Елена Кузьмина, РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасының мүшесі:

Дипломдар танылады, бірақ бірнеше мамандықтар ол тізімге енбейді. Мысалы, ол педагогикалық және медициналық мамандықтар. Мен сауда-өнеркәсіптік палатасының мүшесі ретінде елді көп аралаймын. Сонда көргенім, қазірде шекаралас аймақтарда қазақ студенттерінің саны артып келеді. Әсіресе, Астрахань облысында барлық дерлік жоғарғы оқу орындарында қазақ топтары бар. Омбы өңірінің де бірнеше оқу орындарында және Екатеринбордың федералдық университетінде де қазақ топтары бар. Ең бастысы, жастарға жағдай жасап жатырмыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ