Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысының Кеден одағы елдерімен сыртқы тауар айналымы өткен жылы 806 миллион доллардан асты

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 1227

Батыс Қазақстан облысының Кеден одағы елдерімен сыртқы тауар айналымы өткен жылы 806 миллион доллардан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 27%-ға артық.

Аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде интеграциялық байланыстар тақырыбында өткен брифингте осындай мәліметтер келтірді. Еліміздің батыс аймағы Ресей және Беларусь елдерімен ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, құрылыс заттары және машина жасау салалары бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Сонымен қатар, өңірдің туристік әлеуеті де жоғары. Ал кеше Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім кәсіпкерлікті сапалы, әрі жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

БҚО еліміздің батыс қақпасы болып саналады. Ресейдің бес облысымен Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен шектеседі. Әлеуметтік салада, экономикалық салада, жалпы қоғамдағы барлық салада қарым-қатынасты анықтап, 5 облысымыздың ресми өкілдерімен ресми билігімен келісім-шарттарымыз бар. Қазіргі таңда олар өзінің жемісін беріп келе жатыр.

Одақтас елдердің кәсіпкерлері арасында серіктестік орнату мақсатында Орал қаласында қазақстандық-ресейлік бизнес форум өткізу жоспарланған. Іскерлік басқосу осы жылдың маусым, тамыз айларында өткізілмек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ