Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай орталық мұражайда ғылыми конференция өтті

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 2319

31 мамыр - саяси құғын-сүргін құрбандары еске алу күні. Алматыда жылдағы дәстүр бойынша, сталиндік репрессия құрбандарын ұлықтау мақсатында, орталық мұражайда ғылыми конференция өтті.

«Өткенге тағзым» атты көрме ұсынылып, «Алаш орда» деректі фильмі көрсетілді. Жалпы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1992-ші жылдан бері аталып өтуде. Қазақ тарихында зұлматты кезең аталған репрессия салдарынан 25 мыңға жуық қазақстандық ажал құшты. 125 мыңнан астам жерлесімізге саяси айып тағылып, сотталды. Нақ осы жылдары еліміздің ғылым, мәдениет саласының «қаймағы» саналған зиялы қауым өкілдері атылды.

Қайдар Алдажұманов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері:

Әлі де болса ашылмаған құжаттар бар. Біздің архив қызметкерлері басқармасы әлі күнге дейін анау кеңес заманындағы 30 жылдардағы шаруа көтерілісіне қатысқан адамдардың есімдеріне байланысты құжаттарды зерттей алмай отыр. сол құжаттардағы анау құпия деген грифты алып тастаған жоқ әлі.

М.СЕРІКҚЫЗЫ