«Темекіні таста да, ұтып ал». Ақтөбеде осындай атаумен
өткен акция мәресіне жетті. Шараға мұрындық болған азамат Абат Қаратаев 25 жыл
бойы көк түтінмен уланып келдім дейді.
Жаман әдеттен арылғысы келген оны
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қолдаған. Психолог, нарколог дәрігерлердің жіті бақылауымен 11
ақтөбелік темекіні тастауға бел буды. 5 ай ішінде олардың алтауы темекіден
толық арылған. Арасында 20 жыл бойы жаман әдеттен арыла алмаған әйел де бар.
Темекіден бас тартқан ақтөбеліктерге спорт залдары мен бассейнге жолдама
табысталды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес
күнінде флешмоб пен веложарыс ұйымдастырылды.
Абат Қаратаев, акцияны ұйымдастырушы:
Өзім негізі 25 жылдан астам темекі тарттым ғой. Жұрт сияқты бала кезімізде қызығып, көкелеріміз тартып
жатыр деп, барлығымыз қызығамыз да, содан бастап соған отырып алдық. Наркологқа
бару, кез келген адам бармайды. Нарколог деген өздерің ойлап қалады, есірткіге
тәуелдімін бе деп. Негізі темекі деген ол да есірткі сияқты жақсы нәрсе емес.
Мансұр ЕСҚОЖИН