Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық және рудныйлық полицейлер 7 жасар Виктория Ганяны іздеуде салғырттық танытқаны үшін жазаланды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2014
  • 1202

Қостанайлық және рудныйлық полицейлер жеті жасар Виктория Ганяны іздеуде салғырттық танытқаны үшін жазаланды. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы хабарлады.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы:

ІІД бастығының орынбасарлары, жедел тергеу тобы және Рудный қалалық ІІБ басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оқиға болған жерді түсірген фотосуретті интернет желісіне орналастыру фактісі бойынша тергеу жүрзізілуде. Кінәл
ілер жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазір полицейлер оқиға орнында түсірілген фотоны ғаламторға орналастыру дерегін де тергеп жатыр. 30-мамырда Виктория Ганяның мәйітінің суреттері көпшілікке тарап кеткен болатын. Суреттерде шұңқырдан шығарылған қыз баланың денесі бейнеленген. Кейін фотоны өшіріп тастапты. Фотоны полиция қызметкерлерінің қайсысының ғаламторға таратып жібергені әзірге белгісіз. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Базаргүл ІЗІМОВА