Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде Балаларды қорғау күніне орайластырылған акция өтті

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2014
  • 2829

Шоколадтан жасалған субырқақ пен асфальтқа салынған суреттер өскемендік бүлдіршіндерге мереке күні тамаша сый болды.

Ересектердің Балаларды қорғау күніне орай, қаладағы барлық балаға жасалған шара бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Шоколад атқылаған фонтаннан балалар дәм татты. Оларға ересектер де қосылды. Бұл күні балалар өздері қалаған ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енді. Бірі Алдар көсе болса, енді бірі Кер құла атты Кендебайды сомдады. Тіпті, өрмекші-адам, қарақшы болып киінгендер болды. Мұнан соң мерекелік шараның кішкентай қонақтары асфалтьт үстіне түрлі суреттер салып, қиялдарына ерік берді. Ұйымдастырушылар денсаулыққа зияны жоқ бояуларды таңдап алғандарын айтады. Тіпті, ата-аналардың өзі бүлдіршіндерге еріп, ертегілер әлеміне саяхат шекті.

Анастасия Белоногова:

Балалар өте қуанып, мәз-мейрам болып жүр. Сурет салу олардың көңілінен шықты. Қыз балалар қуыршақ, гүлдің суретін салса, ұлдар ертегі кейіпкерлерін салып жатыр.

Қанат ОРАЛБЕК