Баспана үшін құжат тапсырғандар қарбаласта. Бүгін жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау науқаны басталды.
Жалдамалы пәтерлер алудан үміткерлер бүгін таңнан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары маңында мол жиналды. Кейбіреулер тіпті кешеден бері кезекте тұр.
Сегіз жарымнан келдім мында. Баламен тұрмын. Кетпеймін, тұрамын енді, үй керек бәрімізге.
Қызмет көрсету орталықтары халықтың бұндай нөпірін күтпесе керек, қаптаған жұртқа қызмет көрсетушілер саны жетіспеуде. Түске дейін тек 200-ге жуық адам өткен. Алайда құжат тапсырамын деушілердің қатары азаяр емес.
Қызмет көрсетіп үлгермей жатырсыздар ма? - Енді бізде кішкентай-ақ, опер залда аз-ақпыз біз. Көріп отырсыздар, адам көп. Өздерін былай кіргізіп
жатырмыз.
Ал
елордалық әкімдік өкілдері үміткерлерді сабырға шақыруда. "Құжаттарды
қабылдау 14 маусымға дейін жүргізіледі. Бүгінгі қарбалас тек уақытша құбылыс,
алдағы күндері кезек сейіледі", – дейді.
Руслан
Бешеев, Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
сақтауды бақылау бөлімінің басшысы:
Тағы
да бірінші сабырлық, сабырлық. Бүгіннен бастап осы халыққа қызмет
көрсету орталықтары қабылдаған кезінде, бұлар үзіліссіз
қабылдайды.
"Қол
жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша биыл Астанада 672 жас отбасы
қоныс тойын тойламақ. Пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 120 мың теңге.
Барлығы бір бөлмелі 134, екі бөлмелі 38, үш бөлмелі 158 пәтер берілмек. Ереже
бойынша, жалдамалы пәтерлер ұсынылатын бағдарламаға кемінде екі жыл некеде
тұрған ерлі-зайыптылар қатысады. Жас мөлшері бойынша шектеу бар.
Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы тиіс. Сондай-ақ Астана
қаласында кемінде екі жыл тіркелімі болуы міндетті. Оның ішінде толық емес отбасылар
да өтініш бере алады.
Жұрағат
БАМАН