Русский Сайттың толық нұсқасы

"ҚазТрансГаз" көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға сый-сияпат жасады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2014
  • 1314

"ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға сый-сияпат жасады. Қайырымдылық шарасы Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылды. "Бақытты бала" акциясы шеңберінде балаларға миллион теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді. Аталған қаражатқа дамытушы кітаптар мен ойындар, шығармашылыққа арналған жиынтықтар, спорттық керек-жарақтар алынды.

Серік Сұлтанғали, "Қазтрансгаз" АҚ бас директоры:

Біздің мемлекетіміздің болашағы - балалар. Сондықтан жыл сайын өзіміздің компанияның атынан осындай қайырымдылық шараларын өткізіп жатырмыз. Жыл сайын бюджетімізге сондай қаражат бөлінеді. Әрине, әр жылда бұндай шаралар өткізіле береді.

Индира Жолаева, көпбалалы ана:

Бүгінгі шараны ұйымдастырған "ҚазТрансГаз" фирмасына мың да бір алғысымызды білдіреміз. Осындай көпбалалы отбасы балалардың азғантай уақыт бөліп, балалардың қуанышымен бөлісіп жатқандарына алғыс айтамын. Өзімнің отбасымнан және де басқа да балалардың атынан рахмет. Осындай шаралар жиі болып тұрсын деймін.

Жалпы бұл шара "ҚазТрансГаз" компаниясының бір жолғы қайырымдылық  акциясы емес. Жыл басынан бері компания Ұлы отан соғысының және газ саласының ардагерлеріне 13 миллион теңге сомаға демеушілік жасаған. Бұған қоса "ҚазТрансГаз" отандық спортшыларды қолдауға жыл сайын шамамен 100 миллион теңге бөлуде. Жалпы компания жыл басынан бері 300  миллион теңге соманы қайырымдылыққа жұмсаған.

Жұрағат БАМАН