Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда соңғы қоңыраудан соң жоғалып кеткен түлектің өлі денесі табылды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1381

СҚО-да соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен 17 жастағы Владислав Виниченконың өлі денесі көлден табылды. Жамбыл ауданындағы Чапаевка ауылында мектеп бітіргенін тойламақ болған түлек жоғалып кеткенін айтқанбыз. Оның мәйітін іздеушілер тобы Буденное және Чапаевка ауылдары арасындағы көлден тапты. Денеде зомбылықпен өлтірілген белгілер жоқ.

Еске сала кетейік, 27 мамырда жасөспірім сыныптастарымен бірге Буденное ауылы маңындағы тоғайда мектеп бітіргенін атап өткен. Ал ата-анасына досының үйінде қонатынын ескерткен. Алайда ол кешкі сағат 11-лер шамасында үйге келе жатырмын деп телефон шалады. Бірақ, содан кейін хабарсыз кеткен еді. Сот медициналық сараптамасынан соң түлектің ажалына не себеп болғаны хабарланады.

Илхам ИБРАГИМ