Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы созбаққа салынуда

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1539

Петропавлда облыс әкімі, Назарбаев зияткерлік мектебін салып жатқан мердігер компанияның жұмысын сынға алды. Былтыр күзде ел игілігіне берілуі тиіс нысанда, құрылыстың сылбыр жүруі жергілікті биліктің ашуын туғызды. Білім ошағының іргесі 2011-ші жылы қаланған болатын. Содан бері құрылыс сиыр құйымшақтанып кеткен. Жоспар бойынша, 2013-ші жылы тапсырылуы тиіс болған нысан, бүгінде 65%-ға ғана дайын.

Әкімдіктің таратқан ақпаратына сенсек, ел қазынасынан бөлінген 3,5 млрд теңгенің тек үштен бір бөлігі ғана игеріліпті. Ал жауапты компанияның өкілі жұмысқа қолайсыз ауа райы кедергі келтіргенін айтып ақталған. Облыс басшысы Ерік Сұлтанов мектепті тамыздың соңына дейін тапсыруды міндеттеді. Әйтпесе, бас мердігердің банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Абзал ҚҰРМАНКИН