Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ тапсырған түлектерден рацияға дейін тәркіленді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1563

Ұлттық бірыңғай тесттің алғашқы күні мектеп түлектері ұялы телефондарды ғана емес, байланыс рацияларын да қолдануға әрекеттенген. Сынақ алдындағы тексеру кезінде талапкерлерден 6 мыңға жуық ұялы телефон, 2 мыңдай шпаргалка, 121 калькулятор, алты фотоаппарат және екі рация тәркіленді. Бұл туралы Білім министрлігі хабарлады.

Сынақтан сүрінбей өту - әр түлектің жүрек тебірентер тілегі. 2-маусымда тест тапсыруға өтініштерін білдірген 27,670 түлектің 26,134-і қатысты. Алғашқы болып тапсырғандар арасында ең жоғарғы балл жинаған бір ғана түлек бар. Алматы қаласындағы №178 лицей түлегі Айғаным Әбдіжаппар 125 ұпай жинады.

Өткен жылы тест тапсырғандардың 11,4%-зы 100-ден астам ұпай жинаса, биылғы ҰБТ-ның алғашқы сынағында бұл көрсеткіш 14,5%-ға өсті. Алайда, барлығына жүйріктер қатарында болу жазылмаған. Ең төменгі 50 ұпайды 6,233 түлек жинай алмады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ