Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тұрғындар Санкт-Петербургтен келген цирктен Ресей туын алдыртып тастады

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1752

Көкте көк туымыз желбіресін! Атырауда қырағы тұрғындар гастрольдік сапармен келген цирк басшылығынан өзге елдің туын ауыстыруды талап етті. Нәтижесінде, ресейлік цирк өз шатырынан үш түсті байрақты алып тастады. Санкт-Петербург қаласынан келген өнер ұжымы шатырға Ресей Федерациясының үш бірдей туын тіккен. Балаларына билет алуға келген қала тұрғындары мұны көріп, реніштерін жасырмады.

Қазақстан жеріне келген соң міндетті түрде болуы керек қой. Біреуі болса да ортасында. Сыйлау керек.

Ортасында болу керек қой, ең болмаса, Қазақстан туы. Мен солай ойлаймын. 

Ал атырауға бір аптаға сапарлаған цирк басшылығы болса, бұған дейін ортада Қазақстан туының ілінгенін айтады. Қазақ елінің туын түсіріп тастауды өтінген әкімдіктегілердің өздері дейді. Жергілікті билік тарапы болса, ауа-райына байланысты мемлекеттік рәміздерге зақым келеді деген қауіппен үш туды да алып тастауды ұсынғанын айтады. Дау болған тулар бүгін цирк төбесінен мүлдем алып тасталынды.

Руслан Мишень, цирк директоры:

Бастапқыда сіздің ту ортасында, біздің ту екі жағында тұрды. Маған бүгін үйымдастырушы телефон соғып, әкімдік қазақстандық туды алып тастау керек деп хабарласты деді. Неге екенін білмеймін. Қай жерде өнер көрсетсек те, сол елдің туы ортаға ілеміз. Ешқандай проблема болған емес.

Әсия Қыстаубаева, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

Қалалық әкімдік пен субъект басшысы мен бір бірін түсінбеушіліктен олар ҚР туын алып тастап, орнына РФ туын іліп қойған. Ал ол дұрыс емес. Ол жерде Елшілік емес, Ресей аумағы емес. Ол жерде РФ туы тұрғасын, Қазақстан мемлекетінің туы міндетті түрде тұруы керек.

Базаргүл ІЗІМОВА