Бүгін еліміздің барлық аймақтарында
мектеп бітірушілер ҰБТ тапсырып жатыр. Ал алғашқы күнгі нәтижелер бойынша
орташа балл 76,6-ны құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 1,1
тармаққа жоғары.
Бірінші күннің қорытындысына сәйкес, тек
1 түлек ең жоғарғы 125 баллды алса, 3 797 тестілеуге қатысушы 100-ден жоғары
балл жинады. Бірақ, ең төменгі межелік өту деңгейін еңсере алмай қалғандар да
аз емес. Төменгі 50 ұпайды 6 233 түлек жинай алмай қалған.
Ал, бүгін Білім және ғылым министрлігі
тестілеудің алғашқы күнінде әлеуметтік желілерде жарияланып кеткен тест
сұрақтарына байланысты мәлімдеме жасады. Айтуыларынша, үш фотосуреттегі сұрақтар шын мәнінде ҰБТ кезінде
қолданылған. Қазір сұрақтарды жариялап жібергендерге байланысты зерттеу жүріп
жатса керек. Егер анықталса, ол түлектің тест кезінде жинаған ұпайы
түгелімен жойылады.
Илхам ИБРАГИМ