Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда көп қабатты үйден өрт шықты

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1264

Атырауда көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан өрт шығып, жоғарғы қабаттарды шарпыды. Абырой болғанда, тұрғындар дін аман.

Жергілікті уақыт 11-ден аса "Алмагүл" мөлтек ауданындағы №1 үй тұрғындарын тілсіз жау аяғынан тік тұрғызды. Алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында болған өрт аз уақытта алаулап, жоғарғы қабаттардағы тағы екі пәтерлерді қара түтінге орады. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 12 адамды қауіпсіз жерге алып шықты, оның үшеуі балалар. 1 сағат ішінде от толықтай өшірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт балконға түскен темекі тұқылынан болуы мүмкін.

Бисенбай Артықов, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

Балконда темекі тартып, лақтырып жіберуі мүмкін жоғары қабаттардан. Бір оттың ошағы бар. Қазіргі кезде жарақат алып, күйік шалған тұрғындар жоқ. Барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. 11:34
-те өрт толық жойылды.

Базаргүл ІЗІМОВА