Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап Астана-Шымкент бағытында «Тальго» пойызы қатынайды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 1115

Астана мен Шымкент арасында алғаш рет жаңа «Тальго» пойызы жолға шықты. Тікелей рейс Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл бекеттеріне ғана аялдайды. Жолаушылар пойызының Шымкентке дейінгі жолының ұзақтығы 15 сағат 35 минут.

Бұрын Астана-Шымкент бағытында тікелей рейс болған жоқ. Бірақ жүрдек пойыз билеттерінің бағасы да арзан емес. railways.kz ақпаратына сәйкес «Тальго»-ның люкс вагондарына билет құны 26,253 теңге, купе бағасы 19 мың теңге шамасында, кәдімгі плацкарт 11 мың теңгеден астам.

Илхам ИБРАГИМ