Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей мен Украина дағдарысы Брюсельде өтіп жатқан G7 саммитінде талқыланбақ

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2014
  • 951

Ресей мен Украина дағдарысы тақырыбы бүгін Брюсельде өтіп жатқан G7 саммитінде кеңінен талқыланбақ. Бұдан бөлек "жетілік" елдері сыртқы саясат, экономика, сауда мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін сөз етеді. Әсіресе соңғысы Мәскеумен арадағы "араздықтан" кейін, Еуропоға қиынға соғып тұр.

Екі күндік жиын 17 жыл ішінде алғаш рет Ресейдің қатысуынсыз өтеді. Бұл туралы саммит мүшелері Қырым Ресейге қосылған соң наурызда мәлімдеген. Саммитте ресми Мәскеуге қатысты алдағы уақытта қолданылатын шаралар талқыланады.

Еуропадағы беделді шенеуніктің бірі "Еуропалық одақта жағдай ушықса, Ресей бойынша басқа да шаралар қарастырамыз" деп мәлімдеген. Сондай-ақ G7 жетекшілері ғаламдық экономикалық өсім мен жұмыссыздық мәселесін қаузамақ. Айта кету керек, соңғы жылдары жұмыссыздық Еуропада рекордты көрсеткішке жетті.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ