Русский Сайттың толық нұсқасы

20 маусым күні кезекті «Протон-М» ұшырыла ма?

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1206

20 маусымға белгіленген «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмауы мүмкін. Бұл туралы зымырын-тасығыштың құлауын тергеп жатқан апаттық комиссия хабарлады.

Ал 16 мамырда апатқа ұшыраған «Протон-М»-нің өртену себептері қазір анықталу үстінде. Алғашқы болжамдар да жоқ емес. Мамандар әзірге қозғалтқыштың шағын мойынтірегі істен шыққандықтан, апат орын алған болуы мүмкін, деп отыр. Ал, нақты себебі, осы аптаның соңында жариялады. Ал зымыран Қытай аумағының үстіндегі атмосферада жанып кеткен болуы мүмкін делінуде.

Бұған дейін Қазақстан аумағында апатқа ұшыраған «Протон-М» зымыран-тасығышының өтемақысын төлеу бойынша келіссөздер әлі де жалғасуда. «Бұл қиын шаруа, дегенмен арнайы топ құрылған, келіссөз жасалуда», - деді Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары жөніндегі министр Нұрлан Қаппаров.

Болашақта Қазақстанның Экологиялық кодексі нормалары Байқоңыр қаласында да жүзеге асуы мүмкін екенін айтты. Бұл үшін Ресей үкіметімен келіссөздер басталған. Ал қазіргі кезде ол жерде Ресей Федерациясының заңнамасы енгізілген.

Илхам ИБРАГИМ