Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1799

Құрама штаттар табиғаттың тосын мінезінен зардап шегуде. Тұрғындар қыста қақаған аяз бен қатты желден зәрезап болса, қазір бірнеше штат қалың бұршақтың астында қалды.

Бұршақтың үлкендігі 9 сантиметрдей, теннис добының көлеміне жетті. Ауа-райының қолайсыздығынан Небраско және Айова штаттары шығынға батқан. Мұнда ғимараттардың төбесі тесіліп, әйнектері шағылды. Көптеген көліктер зақымданып, электр желілері істен шықты.

Қазіргі уақытта 12 мың тұрғын жарықсыз қалды. Көшелерде судың деңгейі көтерілді. Басқару орындары залалдың шығынын есептеп үлгермей жатыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ