Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты арттырмақ

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2014
  • 972

«Қазақстан мен Түркияның білім саласындағы ынтымақтастығы артпақ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Абдуллаһ Гүл өзара келісті», - деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екі елдің оқу мекемелерінде білім алатын жастар санының көбеюі өзара ынтымақтастықтың қарқын алуына да оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл Бодрумда өтіп жатқан түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммиті аясында кездесті.

Саммитте мемлекет басшылары халықаралық қоғамдастыққа түркі әлемін танытатын телеарна ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, Елбасы түркі әлемінде туризмді дамыту үшін бірлесе отырып туристік өнім әзірлеп, Ұлы «Жібек жолы» брендін пайдалануды ұсынды. Отырыс соңында түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі төртінші саммитінің декларациясына қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Түркияның өзіменен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас 4 миллиард долларға жетті. Оны көбейтуге болады. Қазір болашақта Түркиядан Грузияға шығатын темір жолдың жұмысы ендігі жылы аяқталайын деп келе жатыр. Сондықтан, мына ұлы «Жібек жолы» деген кезде, Түркиядан шығатын, біз арқылы Қытайға баратын жол саламыз. Түркі тілдес мемлекеттердің қарым-қатынасы қажет деп санаймын.

Жұрағат БАМАН