Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕАЭО шартына қол қойғанымен, Қазақстан көп векторлы саясаттан бас тартпайды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2014
  • 1562

Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қойғанымен, Қазақстан көп векторлы саясаттан бас тартпайды. Бұл туралы журналистермен кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның сауда айналымы 50 миллиард доллардан асатын Еуропалық одақ елдерімен арадағы қарым-қатынасы одан әрі тереңдей түседі. Сонымен қатар шығыс мемлекеттерімен, оның ішінде Қытаймен арадағы байланыстар басты назарда болады. "Мен көп векторлы саясат, Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүдделердің тепе-теңдігін сақтау жөніндегі көзқарасы сол қалпында қалатындығын атап өткім келеді", - деді Әшімбаев.

Сондай-ақ мәжілісмен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімді отандық Парламент қыркүйек айында ратификациялайтындығын айтты. "Үш елдің депутаттары бірлесе қызмет етіп, ратификациялау ісін үйлестіреді", - деді депутат. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің басшысы:

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім қыркүйек айында жасалады деп күтудеміз. Мемлекет басшылары бұл процесті үш елдің парламенттері берлесіп атқарсын деген міндет қойған болатын. Мен Ресей және Беларусь елдері парламентариилерімен белсенді жұмыс атқаратындығымызға сенімдімін. Барлығы сәтті өтеді деген ойдамын.

Жұрағат БАМАН